Ынтымағы мен бірлігі жарасқан Қазақстан

 Бүгін балабақшамызда  «Ботақан»  және  «Қарлығаш» топтары  арасында 1 мамыр мерекесіне  арналған  «Ынтымағы мен бірлігі жарасқан Қазақстан»-атты фестиваль болып өтті. Әр ұлттың киімін киген бүлдіршіндер қазақ, орыс, ағылшын  тілдерінде тақпақ айтып, ән шырқады. Қазақ, шешен, кәріс, орыс ұлттарының билерін биледі. Бейбітшілік символы болып есептелетін ақ көгершін қонаққа келіп, еліміздегі ұлттар достығы туралы балалармен ой бөлісіп, сұрақтар қойды. Балалар  ақ көгершінмен «Шаңырағым биікте»-атты қызықты ойын ойнап қызыққа батты. Фестиваль соңында жүздері бал-бұл жайнаған бүлдіршіндер «Әрқашан күн сөнбесін» әнін шырқады. Осы фестивалдан  көп ұлтты Қазақстанда тату-тәтті, бірлікте, достықта өмір сүріп жатқан әрбір бүлдіршін жақсы әсер алды.