2026 жылғы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша аналитикалық анықтама
2026 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН ІШКІ ТАЛДАУ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ БОЙЫНША АНАЛИТИКАЛЫҚ АНЫҚТАМА
2026 жылдың қыркүйек айында «Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының «Жұлдыз» балабақшасы» МКҚК мекемесінде 2026 жылға арналған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау комиссия құрамында жүргізілді:
-
Бекмаганова А.К.;
-
Бекебаева Г.Ж.;
-
Ержанова А. – жұмыс тобының жетекшісі.
ГККП «Детский сад «Жулдыз» города Кокшетау при отделе образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области» жедел басқару құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады және өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен басқа да нормативтік құқықтық актілерге және осы Жарғыға сәйкес жүзеге асырады.
Мектепке дейінгі ұйымның құрылтайшысы – Ақмола облысының әкімдігі.
Кәсіпорынның мемлекеттік басқару органы – «Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
Талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:
-
сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау объектісінің қызметін реттейтін заңнамадағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
-
персоналды басқару, мүдделер қақтығысын реттеу, мемлекеттік қызметтер көрсету, бақылау-қадағалау функцияларын іске асыру және ұйымдық-басқарушылық қызметтен туындайтын өзге де мәселелер бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау объектісінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Зерделеу барысында құқықтық олқылықтар, кадр саясаты саласындағы мүдделер қақтығысы, Кәсіпорын мүлкін жекешелендіру, сатып алу немесе сату фактілері, жақын туыстардың, ерлі-зайыптылардың және жекжаттардың бірлесіп жұмыс істеуі, сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтар анықталған жоқ.
Тексерілетін кезеңде «Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының «Жұлдыз» балабақшасы» МКҚК бойынша мемлекеттік сатып алулар шеңберінде барлығы 102 шарт жасалды, оның ішінде:
-
Алдын ала біліктілік іріктеуі – 0;
-
Бағалық ұсыныстарға сұрау салу тәсілі – 36;
-
Өткізілмеген мемлекеттік сатып алулар бойынша бір көзден алу тәсілі ;
-
Шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілі;
-
Білім алушыларды тамақтандыру бойынша шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілі – 5;
-
Тәрбиеленушілер мен білім алушыларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу бойынша конкурс – 2.
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 39-бабы 3-тармағының 42) тармақшасына сәйкес біртекті тауарларды сатып алу, егер мұндай біртекті тауарлардың жылдық көлемі құндық мәнде айлық есептік көрсеткіштің жүз еселенген мөлшерінен аспаса, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу, егер мұндай біртекті жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жылдық көлемі құндық мәнде айлық есептік көрсеткіштің бес жүз еселенген мөлшерінен аспаса, ал аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттары үшін тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің үш мың еселенген мөлшерінен аспаса, сондай-ақ Заңның 39-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес табиғи монополиялар салаларына жататын қызметтерді, сондай-ақ энергиямен жабдықтау қызметтерін немесе электр энергиясын кепілдік беруші электр энергиясын жеткізушіден сатып алу-сату қызметтерін сатып алу көзделген.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Мекемеде мемлекеттік қызметтер бекітілген стандарттар мен регламенттерге сәйкес көрсетіледі:
-
«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 19 маусымдағы №254 бұйрық;
-
«Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» 2016 жылғы 27 қаңтардағы №83 бұйрық (Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 25 ақпандағы №32 бұйрығымен енгізілген өзгерістерді ескере отырып);
-
«Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымдарға тағайындау, лауазымдардан босату қағидаларын бекіту туралы» 2025 жылғы 31 наурыздағы №57 бұйрық.
Мемлекеттік қызмет көрсетушілердің жұмысы тиісті деңгейде жүргізіледі. Қызмет көрсету мерзімдерінің бұзылуы, мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тарту, жасырын қызметтер көрсету фактілері анықталған жоқ.
Мемлекеттік қызметтер:
-
қызмет көрсетушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде, қызмет алушымен тікелей байланыссыз (www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталын қоспағанда);
-
қызмет көрсетушінің ақпараттық жүйелері арқылы қызмет алушымен тікелей байланысу және өтінімді ақпараттық жүйеге қолмен енгізу арқылы электрондық түрде (www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталын қоспағанда) көрсетіледі.
«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының «Жұлдыз» балабақшасы» МКҚК мекемесінде мемлекеттік қызметтерді көрсету нәтижелерін есепке алу және тіркеу журналы, сондай-ақ біліктілік санатын беру немесе тиісті біліктілік деңгейін растау туралы куәліктерді тіркеу және беру журналы жүргізіледі. Сонымен қатар, балабақшада оқу, тәрбие және қаржылық жұмыстар бойынша жүргізілген жұмыстарға қатысты талдамалық, статистикалық және өзге де сипаттағы құжаттар бар.
Кәсіпорын қызметінің мәні – білім алушылардың, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың жеке тұлғалық, қоғамдық және мемлекеттік мүдделерін ескере отырып, олардың білім беру және мәдени қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында мектепке дейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыру арқылы білім беру процесін ұйымдастыру, сондай-ақ балалардың денсаулығын сақтау және нығайту, олардың дене, зияткерлік және адамгершілік дамуын қамтамасыз ету, қызығушылықтарын қанағаттандыру, бос уақытын, демалысын және ойын-сауықтарын ұйымдастыру, мәдени-спорттық бұқаралық іс-шараларды өткізу, дене шынықтыру және спорт бойынша сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстарды жүргізу кезінде әдістемелік, ұйымдастырушылық және практикалық көмек көрсету жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыру болып табылады. Кәсіпорынның мақсаты – сапалы мектепке дейінгі білім алуға тең қолжетімділікті қамтамасыз ету, жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлғаны тәрбиелеу, балалардың жеке тұлғалық өзін-өзі айқындауын дамытуға жағдай жасау, олардың қабілеттерін іске асыру, қоғамдағы әлеуметтік өмірге бейімдеу, азаматтық сана-сезімін, жалпы мәдениетін және салауатты өмір салтын қалыптастыру, балалар мен жасөспірімдердің қызығушылықтары мен қабілеттерін ескере отырып, дене дайындығын ұйымдастыру, балаларды спорт секциялары мен үйірмелеріне жүйелі түрде қатысуға тарту бойынша жұмысты жүзеге асыру, балалар мен жасөспірімдерді сауықтыру және олардың денсаулығын нығайту үшін қажетті жағдайлар жасау болып табылады.Жүргізілген талдау барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында бұзушылықтар анықталған жоқ.
Жұмыс тобының мүшелері:
Бекмаганова А.К.
Жакашева У.Д.
Ержанова А.Г.