Әдістемелік кеңес № 5
№ 5 әдістемелік кеңес: «2025–2026 оқу жылындағы жұмыстың қорытындысын шығару»
2026 жылғы 19 мамырда 2025–2026 оқу жылындағы жұмыстың қорытындысын шығару мақсатында № 5 әдістемелік кеңес отырысы өтті. Әдіскер Абдрахманова А. М. әдістемелік кеңестің қызметі туралы есеп ұсынып, мектепке дейінгі білім беру сапасын арттыру, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту және заманауи білім беру технологияларын енгізу бағыттарындағы негізгі жетістіктерді атап өтті. Сонымен қатар 2026–2027 оқу жылына арналған әдістемелік кеңестің жұмыс жоспарының жобасы қаралып, мақұлданды. Отырыс қорытындысы бойынша оқу жылындағы әдістемелік кеңестің жұмысы жақсы деп бағаланды. Білім беру процесі мен әдістемелік жұмысты жетілдірудің алдағы бағыттары айқындалды.