Әдістемелік кеңес № 3

№ 3 әдістемелік кеңес: «Білім беру сапасын бағалау»

2026 жылғы 19 наурызда «Білім беру сапасын бағалау» тақырыбында № 3 әдістемелік кеңес отырысы өтті.

Отырыс барысында әдіскер Абдрахманова А. М. педагогтерге білім беру процесінде бақылау әдістері мен тәсілдерін практикалық тұрғыдан қолдану, мониторинг нәтижелерін өңдеу ерекшеліктері және білім беру сапасын арттыру мақсатында алынған деректерді тиімді пайдалану туралы ақпарат ұсынды.

Балалардың білім жетістіктерін талдауға, олардың даму динамикасын бақылауға, жеке қажеттіліктерін анықтауға және білім беру қызметін уақтылы түзетуге ерекше назар аударылды.

Отырысқа қатысушылар жүйелі мониторинг жүргізудің тәрбиелеу-білім беру процесін жетілдірудегі және педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттырудағы маңыздылығын талқылады.

Отырыс қорытындысы бойынша келесі шешімдер қабылданды: педагогтердің жұмысында бақылау әдістері мен тәсілдерін практикалық тұрғыдан қолдануды жалғастыру;мониторинг нәтижелерін өңдеу барысында педагогтерге әдістемелік көмек көрсету;білім беру сапасын арттыру мақсатында мониторинг нәтижелерін тиімді пайдалануды жетілдіру. Өткізілген әдістемелік кеңес педагогтердің әдістемелік сауаттылығын арттыруға және сапалы мектепке дейінгі білім беруді қамтамасыз етуде мониторингтің маңызын терең түсінуге ықпал етті.