Жасыл шырша жанында

Әр топ өз жас ерекшелігіне сай  Жаңа жыл мерекесіне арналған  ертеңгіліктер ұйымдастырды. 24.12.2019 жылы  Жұлдыз  балабақшасында   ІІ кіші «Құлыншақ» тобында «Жасыл шырша жанында»  атты ертеңгілік өткізілді.Жаңа жыл мерекесіне Аяз ата,  Ақшақар, Сайқымазақ, Қоян,  Аққала кейіпкерлері келіп, балаларды қуантты. Бүлдіршіндер Аяз атаға арнап,  Жаңа жыл, шырша туралы тақпақтарын  және әндерін айтып берді.  Сайқымазақ,  Аққала балалармен  бірге би билеп, бар өнерін көрсетуге тырысты. Сонымен қатар Ақшақар мен де біздің биші қыздарымыз  «Ұлпа қарлар» атты биін ортаға салды.  Кейіпкерлер бүлдіршіндермен бірге қызықты ойындар ойнады.  Таңғажайып сәтінде шыршаның жанында тұрған үлкен сыйлықтың ішінен келер жыл - Тышқан шығады. Ол келген  қонақтарды, ата аналарды, балаларды Жаңа жыл  мерекесімен құттықтады.  Мерекенің соңында Аяз ата  бүлдіршіндерге дайындаған сыйлықтарын  таратып, қоштасты.