Ферма апталығы
Жазғы – сауықтыру жұмысы бойынша іс – шаралардың ішінде тамыз айының бірінші аптасында «Ферма апталығы» өтті. Апта бойы балалармен әртүрлі қызықты әңгімелер және оқу іс-әрекеттер өттілді. Әңгіме барысында балалар үй жануарлары және олардың төлдерімен танысты, үй құстар және олардың адамдарға пайдасы туралы түсініктерін кеңейті, апта бойы балалар тақырыпқа сай жұмбақтар шешіп және тақпақтар жаттады, үй жануарлар жайлы ертегілермен танысып оларды сахналады.Серуен кезде «Бөбектер» тобының балалары балабақшаның ауласында орналасқан «Жайлауға» саяхатқа барды,жайлауда орналасқан үй жануарлмен танысты. Аппликация оқу іс-әрекетінде балалар дәстүрден тыс қағазды умаждау арқылы бұйра қошақан жасады, сурет оқу іс-әрекетінде балалар бояулар арқылы балапаның бейнесін салды. Музыка оқу іс-әрекетінде балалар «Қошақан» және «Балапан» әндерін қайталады. Апта соңында балаларға Бақташы атай қонаққа келді, балалармен бірге әр түрлі қызықты ойындар ойнады «Бұл қай жануарлардың төлі?», «Жануарларды орналастыр», «Дауысын ажырат», «Сипаттамасы бойынша тап» және қимылды ойындар ойнады «Тауықпен балапандар» «Бөбектер» тобының балалары осы аптада алған білімдерін әрі қарай жалғастырып дамытады «Ферма апталығы» біздің топта қызықты өтті, және де балалар белсенді қатысып отырып, өз білімдерін көрсете білді.
«Бөбектер» тобының тәрбиешісі: Омарова А.С.


