«Жаяу жүргінші апталығы»
Көкшетау қаласы білім бөлімінің жанындағы МКҚК «№2 «Жұлдыз» бала бақшасы«Арай» санаторлы тобында «Жаяу жүргінші апталығы» бойынша «Абайлаңыз, бағдаршам!» атты балаларды жол жүру ережесімен таныстыру,бағдаршам арқылы үш түрлі түсті ажыратып, жолға шыққанда өздерін қалай ұстау керектігін үйретіп,байқампаздығын дамыту, жол ережесін сақтауға, жарақат алған адамдарға көмек көрсетуге, әрдайым сақ болуға, абай болуға тәрбиелеу мақсатында ойын-сауық өткізілді. Автоинспектор келіп, жол ережесін ешкімде бұзған жоқ па деп, балалардың білімдерін сынап көрді. Балалар бағдаршам туралы тақпақтарын айтып берді, жұмбақтар жасырып, ойындар ойнатылды. Соңында балалар өз еркіндерімен велосипед, машина, мотоциклды айдап ойнады.Жолда жүру ережелерді есте сақтау,бағдаршамның белгісіне қарап жүру керектігін,оның пайдасы туралы түсініктерін игерді.Бұл апта балаларға есте қаларлықтай қызықты өтті.


