Тәуелсіздік Қазақстан
11 желтоқсан күні "Арай" тобында тақырыптық ҰОҚ өтті Мақсаты: мектеп жасына дейінгі балаларға еліміздің өткенін ұмытпауға, өз Отанын сүйе білуге, Тәуелсіздік туралы түсініктерін және еліміздің рәміздерін құрметтеуге, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру барысында саналыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Ересектер "Аққу" тобында тәрбиешілер балалармен "Ханталапай" ойынын ұйымдастырды. Мақсаты: Қазақтың ұлттық ойындарын дәріптеу арқылы балалардың интеллектуалдық, тапқырлық, ептілік қабілеттерін дамытуға ықпал ету. Балалардың жылдамдығын жетілдіру, тілін дамытып, ойда сақтау қабілеттерін дамыту. Ортаңғы "Бөбектер", "Көжектер"топтарының тәрбиешілері мерекеге орай балалармен «Салауатты ұлт – салауатты ұрпақ» атты спорттық ойындар ұйымдастырды. Мақсаты: балаларға салауатты өмір салтын насихаттау, дене шынықтырудың адам денсаулығына пайдасы зор екендігі туралы түсінік беру. Жарыс ойындарға деген қызығушылықтарын арттыру. Осы жарыста "Көжектер" тобының балалары жеңіске жетті


