Пандемия жағдайында жаңа жылдық мерекені ұйымдастыру.

 Жыл сайын желтоқсан айының соңында барлық жастағы топ тәрбиеленушілері үшін біздің балабақшада мерекелік жаңа жылдық ертеңгіліктер ұйымдастырылады. Бірақ эпидемиялық жағдайға байланысты мерекелер тақырыптық сабақтар ретінде әр топта бөлек өткізілді. Түрлі-түсті, жарқыраған гирляндалар мен жарқын безендірілген шырша балаларға керемет сезім сыйлады. Тәрбиешілер мерекелік жағдай жасауға тырысты: шыршаның айналасында би билеп, қызықты ойындар ұйымдастырды, балалармен жаңа жылдық әндер, өлеңдер оқыды. Аяз ата мен Ақшақар мерекені нағыз сиқырға айналдырды, балабақшаның айналасында серуендеп, барлық балаларды Жаңа жылмен құттықтады. Ерекше кездесу балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлады,  көптеген жағымды әсерлер мен эмоциялар.