«Спорт - сенің серігің!»
«№2 «Жұлдыз» бала бақшасында «Сүйікті ойындар апталығы» бойынша 12.06.2019 ж. «Арай» санаторлы тобымен «Гүлдер» логопед тобының арасында спорттық ойын-сауық өткізілді тақырыбы: «Спорт - сенің серігің!»-. Өткізген тәрбиешіліер: Молдахметова Г.Т. және Нурбаева Ж.Е Мақсаты: салауатты өмір салтын ұстануға баулу және әр түрлі спорттық ойын түрлерімен таныстырып, тәсілдерін меңгертіп ,спортқа деген қызығушылығын арттырып, баланың икемділігі мен ептіліктерін , шапшаңдылық қабілеттерін дамыту болды. Ойын сауық эстафеталық түрінде өтті. «Тұлпар» мен «Сұңқар» тобы ұранымен таныстырды. Сайыс бес бөліктен құралды: «Тез адымда», «Шебер», «Кім жылдам?», «Шегірткелер», «Доппен секіру». Балалар спортқа деген қызығушылығын, икемділігін, ептіліктерін , шапшаңдылықтарын көрсетті. Шынығып, өсіп, толарсың, - демекші салауатты өмір салтын ұстанып, спортты серік етейік!- деп эстафеталық ойын аяқталды.
