«Бақытты балалық шақ» атты балабақшамен қоштасу ертеңгілігі

Бүгін №2 «Жұлдыз» балабақшасының ересек «Көжектер» тобында   «Бақытты балалық шақ» атты балабақшамен қоштасу ертеңгілігі болып өтті. Бүгінгі балабақшамен қоштасу кешіміз ерекше өтті, түлектер «Қызыл кілеммен»  жүріп өтіп,  кеш барысында әсем ән айтып, мың бұрала билеп өз өнерлерін  көрсетті. Бүлдіршіндер  бүгінгі айтулы күнде өздерінің алғашқы балалық шақтың баға жеткісіз марапатына  ие болды.Балабақшаға келген күннен бастап, түрлі іс-шараларға белсене қатысып, ата-аналардың мақтанышына айналған балаларды ертеңгілік соңында «Оскар» сыйлығы номинациялары бойынша марапаттап, жарқын болашақ  тіледік. Ертеңгілік барысында балалар  әр наминациялар бойынша өз өнерлерін көрсетіп отырды. Айта кететін болсақ «Өнерлі бала» номинациясының үміткерлері  «Балабақшаға сағыныш»  көрінісін  көрсетті. Әнші бала»  номинациясының үміткерлері  Нұрислам мен Елхан  «Өнерге ғашық бала» әнін орындап ата – аналардың құрметіне ие болды. «Жас талант» номинациясының  үміткерлері  «Шаттық» биін билеп, «Шабыт» номинациясы үміткерлері  Абылайхан мен Арсеннің дрижерлік қолдауымен балалардың орындауында, оркестр өнерлерін ортаға салды. Түлектер «Балабақша», «Мен мектепке барамын», «Тәрбиеші» әсем әндерін орындап ата- аналардың назарына ие болды. Бүлдіршіндеріміз балабақшаның барлық қызметкерлеріне зор алғыстарын  айтып тақпақтар оқып, ыстық лебіздерін білдірді.

Үлпілдейді қуаныштан жүректер,

Айтылуда қардан әппақ тілектер.

Ата-аналар қолпаштасын қол соғып,

Вальс биін билегенде түлектер   - дей отырып    ертеңгілік соңында балғын балалар   қоштасу   «Вальсін»  биледі. 

Ата – аналарымыз балалардың  өнерлеріне риза болып еріксіз көздеріне жас алды.  Тәрбиешілерге, балабақша ұжымына өз ризашылықтарын білдірді.  Ертеңгілік жоғары деңгейде өтті деп айтуға болады.

Түлектерімізге сәт сапар тілейміз.