Сәлем, алтын күз!

№2 «Жұлдыз» балабақшасының қабырғаларында мектепалды «Бөбектер» тобының «Жомарт күз» апталығы барысында, балалар күз мезгіліндегі табиғаттық өзгерістер және де адамдардың күзгі еңбегі туралы әңгімелесті.  «Алтын күз» мнемокесте арқылы күзді сипаттады, мүсіндеу оқу іс – әрекетінде «Үлкен және кіші саңырауқұлақтар», «Жемістер» атты тақырыбына ермексаздан әдемі мүсіндеу жұмыстарын, «Жемістер» (натюрморт), сонымен қатар «Бізге қонаққа күз келді» деген тақырыпқа керемет сурет салды, «Көкөніс дүкені» жапсырулары да керемет шықты.  Х.Талғаровтың «Алтын күз» өлеңін жаттап, «Алтын күз» ертеңгілігіне арналған тақпақтары және әндерін үйреніп жатыр