Гүлдер апталығы

Жазғы – сауықтыру жұмысы бойынша іс – шаралардың ішінде «Гүлдер апталығы» жоспарланды. Екінші кіші «Бөбектер» тобында «Гүлдер апталығы» қызықты және жемісті өтті. Жаз мезгілі келісімен әдемі гүлдер өсе бастады, балалармен серуенге шыққанда міндетті түрде балабақшаны айналып өтіп, балалармен әртүрлі гүлдердің түрлерімен таныстық. Гүлдердің хош иісінен рахат алып, гүлдердің түрлі – түсті болғанына балалардың көзі жетті. Әрине, осындай гүлдердің әдемі болып өсуіне, үлкендердің оларды отырғызып, су құйып, арам шөптерді жұлып, күтім жасауына ризашылықты білдіру керекпіз. Гүлдердің сан алуан түрлері бар екен, гүл дегеніміз – ол өсімдік, олар өмір сәні, табиғат көркі. Дала гүлдері ғана емес, бөлме гүлдерімен де балаларды таныстырдым. Әр бөлмеде гүлдер терезелердің алдына сән бергенімен қоймай, бөлме ауасын тазартады, адамдарға жақсы көңіл – күй сыйлайды. Балаларға «Гүлдер әлемі» атты ҰОҚ – ті өткізгенде, гүлдердің де жаны бар, адамдармен сөйлескендей олармен де сөйлесіп, өз ілтипатыңды білдіріп, баптап, күтіп, сүйіспеншілікпен қарап, еркелету  қажет екенін түсіндірдім. Гүлдердің құрылысы тамырынан, сабағынан, жапырағынан, тостағаншасынан және күлтешелерден тұратынын көрсеттім. Бөлмеде гүлдер өсіп тұрғанда біз өзімізді қуанышты сезінеміз, көңіліміз көтеріңкі болады. Бөлме гүлдерінің түрлерімен таныстырдым: әйел бақыты, доллар гүлі, кактус, фикус, пальма.Бұл гүлдер жылдың төрт мезгілінде бөлмеде өсе беретенін айттым. Ал дала гүлдеріне бәйшешек, раушан, қызғалдақ, бақбақ, астра және т.б гүлдер жатады екен. Бұл гүлдер көктемде және жазда өседі. Осындай гүлдерді мерекелерде, сый құрметтерде беріледі. Осы гүлдердің түрлерімен таныстыра өтіп, сурет, слайд арқылы балаларға көрсетіп отырдым.

Тәжірибе ретінде гүлді дұрыс қалай отырғызу, қалай күтіп баптау керектігін іс жүзінде көрсеттім. Балалар гүлге суқұйғышпен су құйып, топырағын қалай қопсыту керектігін көрсеттім. Гүлдерге су құйғанда, гүлдер қуанатынын айттым.

Балаларға гүлдер туралы жұмбақ жасырып, «Гүлді ретімен орналастыр» деген ойынды ойнадық. Сонымен қатар, «Жеті түсті гүл» деген ойынды ойнадық. Гүлдің күлтешелерінің түстерін атап, ондағы жасырылынған жұмбақтардың шешімдерін таптық.

«Раушан» гүлін балалар дайын кесілген пішіндерді дұрыс орналастыра отырып, желіммен дұрыс жұмыс атқара білді.

«Сурет салсам – гүл саламын,

Гүлге толып тұрса алаңым» - деген өлең жолдарын пайдалан отырып, бояғыш кітапта гүлдердің суретін қарындашпен боядық. Ата – аналарға балаларымен гүлдер жайлы әңгімелесуді, серуенге шыққанда гүлдерді көрсетуге ұсындық.

«Гүлдер апталығы» біздің топта қызықты өтті, және де балалар белсенді қатысып отырып, өз білімдерін көрсете білді.