«Жұлдыз» балабақшасының мақтанышы-облыстық байқаудағы жеңіс!

07.10.2026

🏆 «Жұлдыз» балабақшасының мақтанышы-облыстық байқаудағы жеңіс!

7 қазанда «Айша» бөбекжай-бақшасының базасында «Үздік әдіскер жылы» облыстық байқауының кезеңі өтті. Байқауда Көкшетау қаласының атынан МКҚК «Жұлдыз» балабақшасының әдіскері Абдрахманова Айсулу Маулиевна бақ сынап, қаламыздың намысын абыроймен қорғады.Байқау қорытындысы бойынша Айсулу Маулиевна І орынға ие болды! 🥇Бұл жеңіс-жоғары кәсіби шеберліктің, көп жылғы тәжірибенің, шығармашылық ізденістің және мектепке дейінгі ұйымдағы әдістемелік жұмысты дамытуға қосқан еңбегінің нәтижесі.Айсулу Маулиевнаға жеңісімен шын жүректен құттықтауымызды білдіреміз! Кәсіби жолында толағай табыстар, жаңа идеялар мен биік жетістіктер тілейміз!

🌷 Жеңісіңізбен мақтанамыз! Алдағы уақытта да жаңа белестерді бағындыра беріңіз!

Просмотров: 1104


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу